Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі, өнертану ғылымының докторы, профессор, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл. Атақты күйші, өнер қайраткері , мәртөктік Қамбар Ерқожаұлы Медетовтің туғанына 120 жыл. Музыка өнері саласында өзіндік із қалдырған қос қайраткерге арнап «Ұлт мұрасын ұлықтаған тұлғалар» тақырыбында танымдық сұхбат өткізілді. Сұхбат қонағы Қ.Медетов атындағы Мәртөк өнер мектебінің директоры Жанар Қорғанбекқызы.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұлы тұлғаларымыздың мерейтойлық шараларымен тұспа-тұс келіп тұр. Биыл өнер мектебінің құрылу тарихына да 45 жыл.