Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылдық округіне, Қожакеткен аумағындағы құлпытас:
Табын руы, Абыз тайпасы Есен Қашқынбай ұлы.
Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылдық округіне қарасты, Қожакеткен аумағындағы құлпытас жазбасы:
Табын руы, Абыз тайпасы Тұғырық Құлбарыс баласы Қауынбай (?) ...... 76 жасында 65-інші жылы. Жаздырды ұлы Салй, Ершора.
Оқуға көмектескен:Дамир Еншібаев
Оқыған Ақкәке Әтембек
Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылы округіне қарасты, Тәңірберген өзені жағасындағы Қожакеткен жеріндегі қауымдағы құлпытас аудармасы:
Назар руы, Жақсылық тайпасы Байқадам баласы Саспай опат 49 жасында 1866 санада. Қылдырды баласы Сарыбөпе мырза.
(Әлім 6 ата Шекті)
Оқуға көмектескен:Дамир Еншібаев
Оқыған Ақкәке Әтембек
" Арынғазы хан"
тарихи-танымдық ақпарат
22.09.2021 сағ. 09-00
Дәріс жүргізушісі Ұлдай Төрәліқызы.
Ұлы Отан соғысының 1941 жылғы қыркүйек айындағы оқиғалар тізбегі:
?Ұлы жырау Жамбыл Жабаев 175 жылдығына орай қыркүйек айында қоршауда ленинградтықтарға арнап "Ленинградттық өренім" өлеңін арнауы ? "Ақтөбе облысы, Мәртөк өлкесіндегі майданға насихат жұмыстары, өндірістік дайындық"
Тақырыптық дәрістер
16 қыркүйек
15-00
Музей инстаграм парақшасында
Жүргізуші Осанова Ұ.Т
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 105 жылдығына орай "Ел тағдыры" онлайн дәріс.
"Жайсаң тон зауыты тарихы және 1978-2013 жж зауыт директоры Аскаров Елтай Рахматулович туралы дерек" сұхбат қонағы зайыбы Аскарова Тарбия Танашовна
Абайтанушы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Н.Крупская атындағы сыйлықтың лауреаты, "Мәртөк ауданының құрметті азаматы" Ердаулетов Нағашыбай Ердаулетұлы 90 жасқа толуына орай "Ғибратты ғұмыр" сұхбаты
18 сәуір Халықаралық ескерткіштер күніне орай "Бисоба құндылығы" деректер ұсынған археолог А.Мамедов. Дайындаған музей қызметкері Ұ.Осанова.
Мемлекеттік мекеме Мәртөк тарихи-өлкетану музейі негізі 1979 жылы Мәдениет үйінен еңбек даңқы және соғыс ардагерлеріне арналған комната түрінде жабдықталып ашылған. 120 экспонаттан тұратын комнатадағы экспозиция 3 бөлімге бөлінді. Әр бөлімнің атауы:
- Бұл даңқы күндер өшпейді (Азамат соғысы жылдары)
- Біздің селоның тіршілігі
- Ұлы Отан соғысы 1941-1945 ж.ж
Бұл еңбек даңқы және соғыс ардагерлеріне арналған залдың жетекшісі Мария Петровна Остафийчук болды. 1985 жылы Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына орай сол кездегі аудандық партияның 1-ші секретары Алексей Маркеевич Трофимовичтің бастамасымен Еңбек даңқы және соғыс ардагерлеріне арналған Мәртөк музейі алғашқы қоғамдық жұмысын бастады. Бариева Нурзиля Нугматовна – 1955 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысы мәртөк ауданында дүниеге келген. 1985 жылы Мәртөк еңбек және майдан даңқы музейінде жұмыс атқарған. 1986 жылдың 1 шілдесінен бастап қоғамдық 1986 жылдың шілде айынан бастап Еңбек даңқы және соғыс ардагерлеріне арналған қоғамдық музейі Ақтөбе тарихи-өлкетану музейінің Мәртөктегі филиалына қайта тіркелді.
Музейдің ашылу салтанатына белсенді ат салысқан: Мәдениет бөлімінің бастығы Ф.М. Шакиров, Мәдениет үйінің директоры И.Э. Гильдебрант, музейді жабдықтап безендіру жұмысына ақтөбеден суретші-безендірушілер шақырылды. Олар: В.В. Щукин, Н.И. Герцог, А.Сосков, В.В. Табачков. Қоғамдық музейге әдістемелік көмекті Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, Қазақ ССР-нің Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, Н.Құлжанова атындағы Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының иегері Р.И. Ильясованың басшылығымен қолдау көрсетілді.
1986 жылдың шілде айынан бастап Еңбек даңқы және соғыс ардагерлеріне арналған қоғамдық музейі Ақтөбе тарихи-өлкетану музейінің Мәртөктегі филиалы қызметін 1986-2005 жылға дейін атқарып келді. 1986-1999 жылдары аралығында филиалды Нурзиля Нугматовна Бариева 19 жыл меңгеріп келді, қазіргі уақытта Татарстанда тұрады.
Ақтөбе облысы әкімінің 2005 жылдың 16 қарашадағы № 411 қаулысымен 2006 жылдың 1 қаңтарында «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік мекемесі ашылды. 2014 жылда «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді. Ақтөбе облыстық әкімінің қаулысы негізінде «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік мекемесі құрылды, музей профилі тарихи-өлкетану.
Ақтөбе облысы әкімінің 16.11.2005 жылғы № 411 қаулысының негізінде «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» құрылған, мұражай профилі - бұл жергілікті тарих.
Ақтөбе облысы әкімінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 423 қаулысы негізінде «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» жанындағы «Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ретінде қайта тіркелді.
Бүгінгі күнде музей аумағы 210,7 шаршы метрге 8 залға бөлінген аудан тарихын кезеңімен қамтыған, өлке мәдениетінен сыр шертетін, ауылшаруашылығы, денсаулық, білім, спорт саласы, табиғат бұрышы, жеке тұлғалар бұрышын қамтыған. Экспозиция 25 бөлімнен тұрады. Қормен, экспозицияда – 4345 экспонат бар.
Музей міндеті мен мақсаты: жалпы тұрғындармен, жас буынды өлке тарихын құрметтеуге баулу, зерттеу, зерделеу, жинақтау, тарихи-мәдени мұраларды жинақтау жұмыстары, атаулы оқиғаларды атап өту т.б. қамту. Экспозиция қорын басшылыққа ала отырып көрме, жалпы және тақырыптық экскурсия, кездесулер, лекция, конференция ұйымдастырылады. Музей әртүрлі экскурсия түрін, атап айтсақ музейден тыс елді-мекендерге экспедицияларға шығып тұрады.
1941 жылы алғашқылардың бірі болып майданға аттанған Щербина Мария Моисеевна ауыр жараланған жауынгерлер мен командирлердің бөлімшесінде ауысымсыз медбике болып жұмыс істейді. Бір бөлімшеде 25 ай жұмыс істегенде 200-ге дейін хат алған, оған жанашырлығы мен сезімтал қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді. Жүздеген жауынгерлер мен командирлер қатарға қосылып, аналық мейірім сыйлаған медбике Мария Мойсеевнаны ұмытпайды. 1943 жылы 23 маусымда 45 МСБ командирі атынан «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 45 медсанбаттың госпитальдық взводының кіші мейірбикесі марапаттау парағында 1941 жылы Ақтөбе облысы, Мәртөк аудандық әскери комиссариаттан әскер қатарына алынғанын, «Санитарлық қызметтің үздігі» белгісімен марапатталғаны көрсетілген. Глазкова Тамара Алексеевна музей қорындағы фотосуретте медбике, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», Ұлы Отан соғысына қатысушы екені жазылған. Медведова Антонина Алексеевна 1941 жылдан 1945 жылға дейін 329 медсанбатта аға сержанты атағымен медициналық қызмет көрсетті. 1945-1946 жылдары Жапония соғысына қатысқан. Наградтары: ҰОС 2 дәрежелі медалі, «Жапониядағы жеңісі үшін» медалі, атаулы бірнеше медальдармен марапатталған.
Мәртөк аудандық мемлекеттік архивінің меңгерушісі Жамбусынова Нұргүл Ағынбайқызының 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай құжаттық.
Мәртөк аудандық мемлекеттік архивінің меңгерушісі Жамбусынова Нұргүл Ағынбайқызының 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай құжаттық деректері.