Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы 175 жылдығына орай 10 ақпан, сағат 11-00 де
Алматы облысы, Жамбыл ауданы "Ж.Жабаев атындағы әдеби-мемиоралды музейіне" онлайн танымдық экскурсия.
Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған.
Мәртөк аудандық тарихи – өлкетану музейінің директорының м.а. Осанова Ұлдай Төрәліқызы, Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы «Ж.Жабаев әдеби – мемиоралды музейі» меңгерушісі Жамбыл Жабаевтың немересі Жамбылова Салтанат Тезекбайқызымен байланыс орнатып 10 ақпан «Жамбыл ата музейі» тақырыбында танымдық сұхбат өрбітілді. Атақты жырау музейінен өмір жолы, шығармашылығы және тұтынған заттары мен жәдігерлерінен көлемді ақпарат берілді. Жырау өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945) қазірде әдеби-мемориалды музейге айналған. Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында ақындық өмірінің 75 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан үкіметі салып берген. 12 бөлмеден тұратын Жамбыл атаның үйі көзі тірісіне қандай болса, қазіргі уақытта да дәл сол қалпында сақтаулы тұр.