Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Музей қорына алынды

17 ақпан  Мәртөк аудандық музей қорына «ҚР білім беру ісінің үздігі» Қилыбаев Асқар Төлегенұлы  құжаттары, алғыс хаттары алынды.

Қилыбаев Асқар Төлегенұлы 01. 02. 1952 ж. Орынбор облысы Ақбұлақ ауданының Көкшұнақ ауылында дүниеге келген. 1985 ж. Орал қ. А.С.Пушкин атындағы пединститутын география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1969 – 1973 жылдары Ново – Федор, Дмитриев орталау мектептерінде оқытушы болып еңбек етті. 1973 – 2000 жж. аралығында ауылдық және аудандық маслихаттың депутаты болды. 1985 ж. Байторысай орта мектебінің директоры және география пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді Аудандық ББ-нің, облыстық ББ-ның, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жоғары дәрежелі мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі.

2000-2015 жылдар аралығында Мәртөк аудандық білім бөлімін басқарды.

2019 жылдың 17 шілдесінде дүниеден озды.