Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Тәуелсіздік - ұлт рухының бастауы

Онлайн лекция ақпараты:  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылдың 5 қаңтарында Егемен Қазақстан газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын жариялаған болатын.Аталған мақалада Тәуелсіздік 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, ғұн, сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманымыздың өзегінде жатыр. Жалпы тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы қажет деп атап өткен болатын. Бүгінгі шолу дәріс тақырыбымыз «Тәуелсіздік - ұлт рухының бастауы» аталуы да азаттық үшін басын бәйгеге тіккен, тәуелсіздік үшін жанын қиған ата-бабаларымызға арналады. Ежелгі Қазақстан тарихында ерте темір дәуірі зерттеуге тұрарлық қызықты тақырыптардың бірі. Себебі, осы кезеңде алғашқы мемлекеттік құрылымдар пайда бола бастады және қоғам түбегейлі сыныптарға бөлініп, метал өңдеу өнерінің дамуына жол ашылды. Бұл мемлекеттерді зерттеу, соның ішінде сақ тайпасының тарихы, осы кезеңді зерттеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Сақтар біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, ШығысТүркістан аумағындамекен еткен ежелгі тайпа. Сақ тайпасының халқы өздерін сақа, сақ деп атаған. Ал, көне гректер скиф деп атап кеткен. Ол туралы тарих атасы Герадот «Тарих» атты еңбегінің 5 томында айтып өтті. Жазба деректерде сақтардың Қазақстанның барлық аумағын мекендегені және олардың үш топқа бөлінгені көрсетілген. Бұл туралы қызықты мәліметті тарихшы Тлеужан Ташимовтың дайындаған қызықты бейнедеректі келтіріп өтсем.

Сақтардың Тәуелсіздік жолындағы күресі.

Тарихшылардың еңбегінде сақтардың ержүрек, батыл тайпа болғаны айтылған. Сақтардың ержүрек, жауынгер тайпа болғанын сақ патшайымы Томирис туралы аңыздан да аңғаруға болады.

Деректерге сүйенсек, б.з.б 530 жылы Кир бастаған парсы әскері сақ жеріне басып кіреді. Сол уақытта сақтарды Томирис патшайым билеген болатын. Әйел екеніне қарамастан, ол парсылармен қиян-кескі соғыс жүргізеді. Кир әскері Сырдария аумағына дейін келіп, сақ билеушісіне елші жібергенде Тұмар патшайым онымен келіссөз жүргізуден бас тартады. Оған ашуланған Кир сақтарға қарсы шабуылға шығады.

Сол ұрыста сақтар парсы әскерін ойсырата жеңіп, Томирис патшайым қанға тоймаған парсы билеушісі Кирдің басын алдырып, жазалайды. Ол әскерлеріне тері қапты қанмен толтыруды бұйырып, Кирдің басын ұстап тұрып: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді өз қаныңдытойып іш!» деп, өшін алған. Міне, тарихшылар жазып кеткен осы аңыз да сақтардың батыл, ержүрек, жауынгер тайпа болғанын дәлелдейді.

Бұл туралы қызықты мәліметті тарихшы Тлеужан Ташимовтың дайындаған дерегі. Келесі аптада онлайн сұхбатымыз «Сақтар мәдениеті" тақырыбында жалғасатын болады.