Мәртөк аудандық музейіне еңбек ардагері, «Красный Пахар» колхозының бұрынғы басқарма мүшесі Рсалдинов Жәдігер келіп, еңбек еткен жылдардағы кезеңдерден естелігімен бөлісіп, музей қызметкері Г.Сибгатова мақалаларын оқып отыратынын, музей қорына біршама құжаттар мен заттай экспонаттар тапсырып, мақала жазатынын атап өтті.Жәдігер Успанұлы секілді өз туған жерінің тарихы және заттай көне музейлік мәні бар экспонаттарды тапсыратын жандар табылса, музей қызметкерлері әрқашан қабылдауға дайын.Келер ұрпаққа асыл мұраны қазірден жинауға ат салысайық!