Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?»

Тарихи кезеңдерге шолулар жасап, қастерлеуге, құрметтеуге шақыруы әрбір патриот азаматтың парызындай.

«Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», деген ой талқы сөздері өз елін сүйетін азаматты ойландырары анық. "Таным мен тағылым" бөлімінде "Мәдени мұра" бағдарламасы арқылы ұлт шежіресін түгелдеуімізге жол ашқанын атап өткен. Мәртөк аудандық музейі аталған бағдарлама аясында ашылып, елге қызметін бастаған мекеме. "Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті" -деп атап өтуі 2021 жыл нәубет кезеңді еске алып, әлі де жан-жақты зерттеу қажет екенін баса атап өткен. Аталған тақырыпта музей қызметінде жоспарға енгізіліп, қамтуды қолға алуымыз қажет. "Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес Одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты"- деп еске алуы Тәуелсіздік оңай келмегені дәлелдей түскендей. 1991 жылы Тәуелсіздіктің алғашқы қадамы "Семей полигоны" жабылуы қасірет шеккен халықтың арманы орындалған алғашқы жеңіс еді. Жеңісті жылдың жемісі еселене берсе екен деп тілеймін!

 

Мәртөк аудандық тарихи – өлкетану

 музейінің директоры м.а. Ұ.Осанова