Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні – музей,архив, кітапхана, мәдениет үйлері қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар сала ардагерлерінің, жалпы өнер сүйер қауымның шығармашылық мерекесі. Сіздердің еңбектеріңіз қашанда халықтың көз алдында, елді ұлттық мәдениеттің қайнарына сусындатып, ондағы ең асылды көре білесіздер, адамдарға мереке және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайсыздар.
Барлық мемлекеттік мерекелер мен ұлттық мейрамдар – Сіздер үшін дағдылы жұмыс күндері. Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!