18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Ғасырлар куәсі – музейдің тарихи әлемі» мерекелік іс-шара өткізілді. Іс шараға арнайы шақырылған қонақтар, ауыл тұрғындары, жастар, оқушылар тартылды. Музей тарихы 1979 жылы соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған бөлме ретінде жабдықталып ашылған.40 жылдан аса тарихы бар музейде 120 экспонаттан басталып, қазірде музей қорында 4500 экспонат жинақталған.
Музей түні – 2023 кеш барысында "Табиғаты көркем, тарихы терең, мерейі үстем - Мәртөгім" тарихи және өлкенің көрікті жерлері фото-көрмесі, "Қолөнер - асыл қазына" қолөнер шеберлері көрмесі, "Қылқалам-жас талант" жас таланттарға арналған көрмелер қойылды.
"Құнды жәдігер сыр шертеді" тақырыбында жыл бойына музейге түскен мәртөктік танымал тұлғалар Р.Ділмағамбетов, М.Тәжібаев, Д.Есентемиров, А.Қилыбаев, Ә.Мұқанов құнды медалдары мен құжаттары көрмесі қойылып, аталып өтілді.
Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әлжанов құттықтау тілегін жеткізіп 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай музей директоры Ұ.Осанова мен қызметкерлері Г.Сибгатова, Ж.Истаеваға
"Алғыс хат" табыстады.
21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай "Илигай" әжелер ансамблі мен "Дәстүрге жол - қазақ аналары" Мәртөк ауданы әжелері марапатталды.
"Ұрпаққа мұра" акциясы аясында И.Цыба арнайы алдырған Мәртөк музейінің негізін қалаушы, Мәртөк ауданын 14 жыл басқарған А.Маркеевич құнды құжаттары, ҰОС ардагері әкесі Г.Зеленский медалдарын тапсырды.
Мәртөк тұрғындары Н.Жамбосынова әр мемлекеттің құнды монеталарын тапсырса, Р.Жанғалиева өлкетанушы, ақын әкесі Сейтқали Жанғалиевтің шапаны мен масаты кілемшесін және Жанаева Жақұт үкілі бөрік, кажекей, шәй көрпеше табыстады.
Кеш барысында "Дәстүрге жол-қазақ аналары" киіз үйде ауыл бейнесі және "Әжемнің ертегісі" айдарымен сахыналау қойылымы өткізілді.
Мерекелік кеш барысында "Бейбіт күн тілегі", "Мәңгілік ел жастары", "Мәртөк вальсі","Алтын бесік" "Молдабай", "Мәртөкке кел" әндері шырқалды. "Қарайсайдың қуанышы күйі" мен "Тарту" биімен көркемделді.