22 маусым осыдан 80 жыл бұрын 1941 жылы басталған ҰОС сұрапыл жылдары ерлігімен көзге түскен батыр қызға арналған Ақтөбе қаласындағы "Әлия музейіне" экскурсия жүргізілді.
№4 Мәртөк орта мектебінің 8-9 класс оқушылары. Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеті "Жастар сарайы" 2-ші қабатында Аргентина республикасының линографика суретшісі Хуан Себастиан Карнероның Sebastián Carnero жеке көрмесі ашылған болатын. Көрме кураторы, "Көркем еңбек және дизайн" кафедрасының оқытушысы, профессор, жерлесіміз Марзия Жақсығарина әріптес-досының суретшілік шеберлігіне тәнті. Ол Хуан Себастиан Карнеромен 7 жыл бұрын Аргентинада өткен экслибристер конгресінде танысыпты. Содан бері жалғасқан әріптестік қатынас осы шараның өтуіне себепші болған. "Хуан Себастиан Карнероның картиналары жарқын түсті бояуларымен ерекше. Ол 5 түрлі бояу түсін өте ұтымды, орынды пайдаланады. Шығармашылығы толассыз даму үстінде. Аса еңбекқор жан. Ақтөбеліктерге ол 40-қа жуық картиналарын жіберді",-дейді Марзия Жұмашқызы. Оқушылар көрмеген зор әсер алып қайтты.
Ақтөбе қаласындағы "Өнер музейі" Студенттер дипломдық жұмыс көрмесімен тәнті етті.
Жерлесіміз Рауль Мир-Хайдаров көрмесіне саяхаттап, Ақтөбе қаласына арналған бейнелеу өнеріне тәнті болған оқушылар көңілді, әсер алып қайтты.