Ақтөбе қаласы Қ.Жұбанов ат.өңірлік университет "Студенттер сарайында" 2021 жылдың 2-4 маусым аралығында өткен "Қазіргі әлемдегі этно-фольклорлық өнер", "Мәдениет саласындағы менеджмент" тақырыбындағы семинар -тренинг пен "Этнотерапия" тренинг жобасы мәресіне жетті.Спикер Серік Тоқтасынұлы Нұрмолдаев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, өнертану ғылымдарының магистрі, «Халық алғысы» және «Мәдениет саласының үздігі» мемлекеттік төсбелгілерінің иегері, музыкант-мультиаспапшы, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің белді мүшесі. Музей қызметкерлері Ұ.Осанова, Г.Сибгатова қатысып, көлемді ақпарат алып қайтты.