Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

31 мамыр

31 мамыр қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг, еске алу шарасы. Атақты күйші, жазықсыз қудаланып репрессия құрбаны болған Қ.Медетов стеласы жанында ұйымдастырушы Қ.Медетов ат.өнер мектебінің ұжымы, директор орынбасарлары Ғ.Мешетова, А.Уксикбаева. Қатысушылар: 1. Мәртөк аудандық орталық мешітінің Бас имамы Ералин Зарлық Аманұлы. 2.Әкесі репрессия құрбаны болған, ауылшаруашылық бөлімі басшысы Саринов Шамиль Михайлұлы 3. аудандық "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Сүйінғалиева Қымбат Шоқайқызы 4.аудандық архив меңгерушісі Жамбусынова Нұргүл Ағынбайқызы 5. аудандық музей директорының м.а.Осанова Ұлдай Төрәліқызы. Алғашқы сөз алған архив меңгерушісі Н.Жамбусынова репрессия кезеңдері мен сипатына тоқталды, Ш.Саринов әкесінің Ұлы Отан соғысы жылдары тұтқынға түскені үшін қуғынға түскенін еске алды.Қ.Сүйінғалиева репрессия жылдарына тоқтала отырып күйші Қ.Медетов репрессия құрбаны болғанын жеткізді. Ұ.Осанова жазықсыз құрбан болып, айдалған, атылған зиялы қауым өкілдерін атап, қаншама жазықсыз жандардың жапа шеккеніне тоқталды Қ.Медетов өнер мектебі оқушысы Есет Ерасыл өлең жолдарын оқыды. Бас имам: "Саяси қуғын-сүргінге дін қайраткерлері де ілікті, тарихи деректер бойынша бір ғана Ақтөбе өңірінде 300 ден астам Хәзірет, Ишан, Ахун болған діни тұлғалар қуғынға ұшырады, біз келешек ұрпақ тарихымызды білу арқылы болашаққа бағыт- бағдар жасаймыз, жазықсыз жазаланып дүниеден өткен ата бабаларымызды ұмытпауымыз керек",- деді.Құран бағышталып, гүл шоқтары қойылды.Т.Өтебай орындауында атақты күйші Қ.Медетов "Ақсақ құлан" күйі орындалды.