Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сасяи қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай (30. 05. 2020 ж) сөйлеген сөзінде өткен ғасырдың 20-50 жылдарындағы зобалаңды халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең деп атады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан шараларды атап айтты. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды, 1997 жылдың Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды, осы жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын Еске алу күнi деп белгiленді.
Осыдан кейін көп ұзамай ел Президентінің «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссия туралы» (24. 11. 2020 ж) Жарлығы шықты.
аудандық Мәдениет Үй түсірілімі, баяндаушы музей директоры м.а Ұ.Осанова.