2024 жылдың жылдық жоспарына сәйкес «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» жобасы аясында "Ұлттық киім - ұлт бейнесі" тақырыбында "Ақтөбе қаласында Ораз Татеұлы көшесі 15/2 үйде орналасқан «Айгерим Умарова» тігін студиясында анасы Умарова Нұрбикемен сұхбат.
Умарова (Иманғазиева) Нұрбике Орынғалиқызы, 1 қыркүйек 1961 жылы, Қобда ауданы, «Қазақстанға 15 жыл» (Қобда ауданы, Көк үй ауылы) ауылында дүниеге келген. 1978 жылы ауылдық орта мектепті тәмәмдап, Орынбордағы кәсіптік техникумына «тігінші шебері» мамандығына оқуға түседі. Тігінші болу кәсібі нағашы әжесі Қымбат Ашықбаевадан дарыса керек. Нағашы әжем өте шебер, қолымен кестелеп тіккенде қызығатынмын, одан әрі іс машинкасы шыға бастағанда ісін жалғастырды. Нағашы әжем Орал облысы, Шыңғырлау ауданында тұрды. 1981 жылы Умаров Кусайнмен отау құрдым. Негізі өзімнің тегім Иманғазиева , тұрмыс құрғаннан кейін Умарова тегіне өттім. Өзімнің ісмерлік шеберлігім әжемнен маған берілсе, менен қызым Әйгерім Умароваға берілді. Кішкентайынан ісмерлікпен айналысып, қызығушылығы артып, қиып – пішіп отыратын. Қазірді сол тігіншілікке деген қызығушылығы ұлттық киімдердің әртүрлі түрін тігуге алып келді. Ақтөбе қаласындағы Батыс – 2 ауданында Ораз Татеұлы 15 /1 корпусында «Әйгерім Умарова» студиясын ашқанына 5 жылдан асты. Ең алдымен шағын өлшемді балаларға арналған ұлттық киімдерден бастаса, одан кейінгі уақытта өрнекті көрпелер, ұлттық бас киімдер, ұлттық әртүрлі образдарды тігуді бастады. Соңғы 5 жылдан бері студиямызда барлық жұмыстар этно нақышта безендірілген.