Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Аудандық "Мәртөк тынысы" газетіне 25 қыркүйек, 2021 жылғы 38 номердегі музей қызметкері Ұ.Осанова мақаласы.

Аудандық "Мәртөк тынысы" газетіне 25 қыркүйек, 2021 жылғы 38 номердегі музей қызметкері Ұ.Осанова мақаласы.
Музейге қосар үлесім...
Мәртөк аудандық музейіне «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Мәртөк ауданының құрметті азаматы» (2019 ж.) Қарлығашев Жақсат Мұратыұлынан Елордадан арнайы «Большая международная энциклопедия» Лучшие люди -2021» кітабы және әр жылдарда өлкемен байланысты тарихи мақалалар мен тұлғалар туралы құнды құжаттар көшірмелері жіберілген. Үлкен энциклопедия кітабы ішкі парағында: «Жас жеткіншектерге өтіп жатқан өмір айдынынан естелік ретінде құрметпен: Жақсат -Дина» 16.07.2021 жыл деп жазылған. Арнайы үздіктер қатарына санаулы ғана еңбегі сіңген тұлғалар енген кітапқа Мәртөк ауданынан денсаулық саласы бойынша Жақсат Қарлығашев, құрылыс саласы бойынша кәсіпкер Зулхуза Қожаев, Даңқ галареясы саласы бойынша Кәрімжан Бердиев, Дина Құрманғалиева, педагогикалық даңқ саласы бойынша Амина Закирзиянова еңбегі, атақ-даңқтары жазылған. Өз саласының қыр-сырын меңгерген қазірде еңбегінің зейнетін көріп отырған тұлғалар жастарға үлгі. Кітап музей қорына алынды.
Музей қорына Арынғазиев Камалатдин, ағасы Арынғазиев Уалиша туралы деректемелер жіберілген.Өлке тарихында әлі де зерттелмей жүрген тарихи тұлғалар баршылық. Әлі де зерделеуді қажет ететін, келешек ұрпаққа рухани азық болатын тақырыптар ашылмай жатыр. Өлке тарихына, тұлғаларына жанашырлық танытқан Жақсат ағайға алғысымыз шексіз. Тәңірберлі Молдабай немере туысы Әсия әжеміздің кезінде ауыл депутаты болып сайланғанда ауыл-ауылды аралағанда киген елтірі тоны музейге тапсырылды. Өлке тарихына үлес қосамын, менің де айтарым бар. Музей қорына ата мен әжемнен қалған жәдігерді (қасқыр тымақ, ішік, асадал, кебеже т.б.) тапсырып, тарихын айтқым келеді деген келушілер болса, қуана қабылдаймыз. Елеусіз затқан ескі бұйым музей қорына түскенде, болашақ ұрпаққа сыр шертері анық. Ұлдай Төрәліқызы
Музей қызметкері