Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

29 тамыз - Халықаралық ядролық қарумен күрес күні.

????29 тамыз - Халықаралық ядролық қарумен күрес күні. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды.

????Атаулы күнге орайластырып Мәртөк аудандық музейінің ұйымдастырумен Семей ардагерлеріне орнатылған ескерткіш жанында митинг өткізіліп, "Жер планетасы - ядролық қарудан азат аймақ" шарасына жалғасты. Шараға "Аманат" партиясының Мәртөк аудандық филиалының атқарушы хатшысы А. Искарин қатысты. Семей ардагері Виктор Петрович жесірі Павлова Надежда Ивановнаға "Алғыс хат" табыс етті. Мәртөк аудандық қорғаныс істер бөлімінің маманы Н.Курмангазин аудандық қорғаныс бөлімінің басшысы А.Тоқсанбаев атынан Ж.Қалмағамбетовке "Алғыс хат" табыстады. Митинг барысында сынақ алаңында және кейінгі жылдары дүниеден озған ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алынды және тарихи ақпараттар берілді.

????Өзге елдер Қазақстанды әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа идеялар бастамашысы ретінде қабылдады. Музей шарасы барысында көрме қойылып, тарихи деректі фильмдер көрсетілді. Ардагерлер өзара сұхбаттасып, ой - пікірлерімен бөлісті.