1 шілде - Ұлттық домбыра күні. Домбыра күні ұлттық аспапты ұлықтау күні ғана емес, елдің мәдени мұрасын насихаттайтын мерекеге айналды. Домбыраның сымдай тартылған қос ішегінде сан ғасырлардың ақыл - ойы, көңіл - күйі жатыр.
Домбыра - қазақ елінің көнекөз шежіресі, айнымас бөлігі, айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол. Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда бұл күннің алар орны ерекше. Осыған орай музейде "Күй шебері - Қамбар" тақырыбында көрме қойылды.