Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Асыл қазына - ұрпаққа мұра” көрмесі

«Асыл қазына - ұрпаққа мұра” көрмесі. Анадан – қызға, енеден -келінге, атадан ұрпаққа берілген құнды бұйымдар насихатталды. Айжан Қорғанбекқызы анасынан мұра болған кимешекті және әкесінен мирас болған тақия мен домбыра тарихын баяндады. Әкесінің 40- тан аса күй тартқан домбырасын музейге табыстады. Меңсұлу Жанзаққызы айтуынша 30- шы жылдары Түркіменстанға тұрмысқа шыққан әжесі қос жалпақ күміс білезікті жасатып қызына табыстаған екен. Күміс білезік анадан – қызына берілетін мұра екенін атап өтті. Жарқынай Меңдіғалиқызы 19 ғасырдан енеден - келінге берілген күміс құдағай жүзігін көрсетіп, келесі кезекте келініне табыстағанын атап өтті. Анасынан қалған күміс қос білезіктерін сағынышпен, толқып еске алған Майра Жайшылыққызы және Шынар Әлиқызы көз қарашығындай сақтап жүргендерін, ұрпақтан – ұрпаққа мұра болатынын жеткізді. Қорасан Қожа руынан Кенже Мелкайдарқызынан анасына, анасынан қызына мирас болған барқыт кәжекей, күміс білезікті Шара Смағұлқызы кез – келген жерде қалмасын деп аудандық музейге табыстағанын атап өтті.