Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Ата заңым-ардағым» атты көрме

Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінде Конституция күніне орай «Ата заңым-ардағым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған кітаптар, мақалалар қойылды.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық рефериндумда қабылданды. Конституция- бұл мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды, адам және азаматтың міндеттерін, бостандығы, негізгі құқығы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметімен ұйымдастыру принциптерімен реттеуші және бекітуші, барлық заң салаларының заңдық негізі болып табылатын, жоғары құқықтық күшке ие мемлекет пен қоғамның негізгі заңы, Конституция барлық құқықтық жуйенің өзегі болып табылады.
Көрменің мақсаты-Қазақстан Республикасының Конституциясымен және басқа да құқықтық құжаттармен таныстыру, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді,Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту.
Көрмеде мемлекет тарихы және құқық, құқықтың, демократиялық мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы туралы әдебиеттер ұсынылған.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз-Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңырыққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз. Ел іргегі аман, келешегіміз кемел болсын!