Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

1 тамыз Мәртөк аудандық тарихи

 

1 тамыз Мәртөк аудандық тарихи – өлкетану музейі ұйымдастыруымен Мәртөк ауылдық әкімдігі Залында «Ана» журналының құрылтайшыларымен «Ана тағылымы – асыл қазына» рухани- танымдық кездесу өтті. Кездесуге «Дәстүрге жол – қазақ аналары» ҚБ Мәртөк ауданы аналары, музей, кітапхана қызметкерлері, қыз – келіншектер, ауыл тұрғындары тартылды. Кездесу қонақтары «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасына арналған «Ана» журналының құрылтайшылары ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Алмагүл Сарыбай мен қаламгер Еркін Қарасайұлы Дінахметов. Мәртөк ауылдық округі әкімі Орынғали Сағитжанұлы жеке қабылдап, қонақтармен танысып жылы лебізін білдірді. Рухани - танымдық кездесуді жүргізген «Дәстүрге жол – қазақ аналары» ҚБ Мәртөк ауданы бойынша төрайымы, желтоқсан ардагері Шара Смағұлқызы. Еркін Қарасайұлы «Барыс» кітабының авторы. Барыс кітабының шығу тарихының ерекшелігін, ондағы әрбір сөзді бір оқығанда түсініксіз болғанымен тұнып тұрған тарих, ұлттық салт – дәстүр, мәдениет, ұлттық тәрбиені дәлелдер мен сызбалар арқылы жеткізе білген. «Ана» журналының идея авторы ретінде әр жарияланған айдардағы сөйлемдерде түсініксіз жазылғанмен, терең мағына үңілгенде көп мағыналы ойлар пайда болады. Әр айдарды оқи отырып, әр сөйлемнен сөзжұмбақ шешіп тылсым әлемнен хабар алғандай әсер аласың. Еркін Қарасайұлының қаламгерлік шабытын ұштайтын жоғары білімі болмаса да «барыс аманатын растаған рухты адам білімсіз болса да, Рақметті Адам бейнетті болса да, айтқанын растайды» - деген сөз ұйқастары ойландырары анық. Кездесу «Ұлттық киімнің - киелісі кимешек» көрмесімен ашылды. Мәртөк ауылында тұратын қолөнер шебері, «Дәстүрге жол – қазақ аналары» ҚБ мүшесі Хабзай Қазынабай кимешек түрлері мен өрнектеріне тоқталды. Облыстық музей қызметкері Алмагүл Сарыбай Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейінің қорынан алынған сәукеле, қасаба, тақия, шолпы түрлерімен таныстырып, ерекшеліктеріне тоқтала отырып, журнал шығарудың мақсаттарына тоқталды.