Мұхтарова Ләззат Шакиржанқызы Мәртөк аудандық орталық ауруханасында қызметін бастағанына 32 жыл. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Айшуақ ауылында 1970 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Халықаралық медбикелер күні туған күнімен қатар келген күн.Айшуақ орта мектебінен кейін, 1988 жылы Ақтөбе медициналық училищесін тəмамдап жолдамамен Мәртөк ауылына түсіп, қызметін бастаған.Алдымен балалар бөлімінде қызмет етіп, қазірде терапия бөлімінің жоғарғы санатты медбикесі.Атаулы мереке күні еңбегі еленіп әлемді алаңдатқан СOVID19 індетіне қарсы күрес жағдайында "Жанқиярлық күресі үшін" медалімен марапатталған.