Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Зейнеткер ұстаз- ұлағаты" тақырыбында Табашева Генжегүл Таспеновнамен сұхбат

"Зейнеткер ұстаз- ұлағаты" тақырыбында Табашева Генжегүл Таспеновнамен сұхбат.35 жыл ұстаздық еткен Табашева Генжегүл Таспеновна 1961жылдың 3 тамызында Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Ташкент қаласындағы университетте "орыс тілі және әдебиеті" пәні мамандығын тәмәмдаған. Отбасылы, 4 қыз бен ұлдың анасы. 2008 жылы ата-жұрты Қазақстанға қоныс аударады.
Үлкен қызы Алпысбаева Кәмшат неміс тілі факультетіне оқуға түседі.Көшіп келген соң тігіншілікке қызығушылығы оянып, құрақ көрпелер, қыз жасаулары, кәжекей тігумен айналысады. Екінші қызы Алпысбаева Анар қаржы саласының маманы оқуын тәмәмдаған. Апасы Кәмшатпен бірге қазіргі уақытта қолөнер шеберлігіне төселіп, осы бағытта жұмыс жасауда. Мәртөк ауылындағы "Шығыс" сауда орталығының 2 қабатында халыққа қызмет етіп ұлттық бұйымдар, көрпешелер және киімдерден тапсырыс қабылдайды. Алпысбаева Марал 2008 жылы Қ. Жұбанов университетіне "математика" пәні мұғалімі бойынша бітіріп, Ақтөбе қаласындағы "Дарын" училищесінде математика пәнінен сабақ береді. Ұлы Бүркітбаев Жандарбек заң мамандығын бітіреді. "Айс" сүт заводында жұмыс істейді. Бүркітбаева Жанат Мәртөк ауылындағы №3 Мәртөк орта мектебін тәмәмдап, Семей қаласындағы медицина университетінде "гинеколог" мамандығын тәмәмдайды. Қазірде Мәртөк аудандық ауруханасында гинеколог дәрігер болып жұмыс жасайды.
Табашева Генжегүл 2008-2014 жылдар аралығында Мәртөк ауданының № 4 мектебінде ұстаздық жұмысын атқарды. Қыздарынан 12 жиен немере, ұлдан 3 немере сүйіп отырған ардақты ана, ақ жаулықты әже.
Показать перевод
Фото профиля ayash_ashe
Керемет, аяулым ана, алла берген аманаттарының қызығына бөлене бергей