Рақымжан Қошқарбаевтің 100 жыл толуына орай «Ерлігі ұрпаққа үлгі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді
Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, Ұлы Отан соғысының ардагері Рақымжан Қошқарбаевтің 100 жыл толуына орай «Ерлігі ұрпаққа үлгі» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Сағатқа аудандық қорғаныс істер бөлім бастығының орынбасары лейтенант О. Наурзалин және №3 Мәртөк орта мектебінің 10 кластың оқушылары мен жетекшісі алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ. Альжанов қатысты.
Шараның мақсаты: Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау оқушыларды шығармашылыққа, елін,жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандыққа тәрбиелеу.