Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Әке – әулеттің тірегі, Ана – ұрпақтың жүрегі" сұхбат

Қазақстан бойынша қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні. 13 қыркүйек 55 жыл оттасқан Мәртөк ауданына танымал еңбегімен еленген 40 жыл қаржы саласының маманы, басшысы қызметін атқарған Жанаев Мақсут Ағынбайұлы мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан Жанаева Жақұт Сағынтайқызымен сұхбат өткізілді. Сұхбатқа отбасының замандастары және №4 МОМ 11 класс оқушылары тартылды. Кеш бағдарламасында: Музей басшысы Ұлдай Төрәліқызы Отбасының адам өміріндегі маңыздылығына тоқталып, «Отбасы деген не?» бейнедерекпен басталды. Сұхбат таныстық қалай басталды? «Түп – тамырым бәйтерегім» ата – аналары туралы деректер. 40 жылдан аса Мәртөк жерінде ұстаз болған Ағынай атаның деректері мен Мақсат Ағынайұлы қызметтік жолдары баяндалып, сұрақтар қойылды. «Жеті ата шежіресі» баяндалып, "Құжаттар сөйлейді" және "Шаңырақтың берік тірегі ата- ана" көрмесінен деректер айтылды. Мәртөк аудандық Мәдениет Үйінің дәстүрлі әншісі Алпысбаева Әсия орындауында "Қазақы дастарқаным" әні орындалды. «Ұлын ұяға – қызын қияға қондырған» Жақұт Сағынтайқызы Әкесі Жакиянов Сағынтай, анасы Жакиянова Муса Алиманқызы туралы деректер, шежіре қыз ғұмыры туралы деректер айтылды. Замандасы, құрдасы Рсалдинов Жәдігер Успанович естеліктері айтып, «Наурыз тойы» алғаш тойлауы кезеңдері Жанаева Жақұт апайдың отбасы мен қоғамдағы орны баяндалды. Әріптесі болған Меңсұлу Жанзаққызы мен "Дәстүрге жол" ҚБ төрайымы Шара Смағұлқызы , №4 МОМ мектебінің оқушылары жүрекжарды тілектерін арнады. Сұхбат кеші "ӘКЕ – АНА" бейнеклиппен қорытындыланды.