“ТІЛ - ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ” сұхбат алаңы
№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 10,11-сынып оқушылары Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған “ТІЛ - ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ” сұхбат алаңында болып қайтты
5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген шара музей директоры Ұлдай Төрәліқызының “Тәуелсіздігіміздің тірегі - тіл” баяндамасымен басталып, “Ертегі, нақыл сөйлемді жалғастыр...” , “Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу” және “Ұлы ғұламалардың тіл туралы нақыл сөздері” бейнедеректерімен жалғасын тапты. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай, ақынның өмірбаяндық жолына №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 11 “А” сынып оқушысы Жилгельдина Альбина тоқталды. Алаш қайраткерінің “Анама хат” өлеңі бейне түрінде көрсетіліп, “Аққу, шортан һәм шаян” өлеңін №2 мектеп-гимназиясының 11 “А” сынып оқушысы Балсейтова Сымбат мәнермен жеткізді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері, “Қазақ тілі” қоғамының төрайымы Шүйішбаева Тазагүл Түсіпқызы ана тіліміздің жастар арасында қолдану аясына тоқталды. “Тілге құрмет - елге құрмет” , “Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте” әлеуметтік арнайы түсірілген бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың ой-пікірлері ортаға салынды.