Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"ТІЛ - ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ" СҰХБАТ АЛАҢЫ.

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілген шарада музей директоры Ұлдай Төрәліқызының "Тәуелсіздігіміздің тірегі -тіл" баяндамасынан басталып, "Ертегі, нақыл сөйлемді жалғастыр..." , "Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу" және "Ұлы ғұламалардың тіл туралы нақыл сөздері" бейнедеректері көрсетілді.Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы туған күніне орай өмірбаяндық жолына № 2 Мәртөк мектеп -гимназия 11 "а" класс оқушысы Жилгельдина Альбина тоқталды. Алаш қайраткерінің шығармалары "Анама хат" өлеңі бейне түрінде көрсетіліп, "Аққу, шортан һәм шаян өлеңі" № 2 мектеп-гимназия 11 "а" класс оқушысы Балсейтова Сымбат мәнермен жеткізді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері, "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Шүйішбаева Тазагүл Түсіпқызы ана тіліміздің жастар арасында қолдану аясына тоқталды. "Тілге құрмет - елге құрмет" , "Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте" әлеуметтік арнайы түсірілген видео -роликтер көрсетіліп, ой -пікірлері ортаға салынды.