Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» музейлік жобасы

Жоба қонағы, шебер Испулатова Рәбиға Жусанқызы. Арнайы қолынан қол жүнінен жайнамаз жасау сәтінен шеберлік сағаты. ЖАЙНАМАЗ - мұсылмандықтың нышаны,тазалық пен пәктіктің мекені. Жайнамаз үстінде Ұлы жаратушыға тағзым ететін болғандықтан, оны құрметтеп жоғарыға қойған. Қасиетті төсеніш кейде жай ғана матадан тігілсе, кейде арнайы тоқылып, кілемше түрінде ұсынылады. Шариғатта кілемшелерге ою-өрнек салғанмен құс пен аңның суретіне тыйым салынған. Сонымен қатар, жайнамаздың басы мен аяғына өте мән берген. Бас жағында арнайы сәжде жері екенін білдіретін белгі болады. Бұл сәжде етер жерді аяқпен баспасын деген сақтық болса керек. Бұл да – тазалық пен имандылықтың белгісі.