Мәртөк аудандық тарихи өлкетану музейінде Қазақстанда саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «31 мамыр-Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандары еске алу күні» - тақырыпта сағат өткізілді. Танымдық сағатқа Ақтөбе қаласы, №10 ЖББОМ 5-6 класс оқушылары және мұғалімдері Алмақ Г.С., Айбатыр А.А. қатысты. Шара саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жөнінде оқушыларға түсінік бере отырып, алаш зиялылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету мақсатында өткізілді. Танымдық сағат құрбандарды еске алумен басталды. Оқушыларға тақырыптық бейнефилім көрсетіліп, музей материалдары қорынан дайындалған « Мәңгі есте сақта» атты көрмемен таныстырылды.