Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

КЕЛІНШЕК" биі, жүнді сабау тәсілі бейнеленген

КЕЛІНШЕК" биі, жүнді сабау тәсілі бейнеленген. Зейнеткер аналарымыз "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" қатысушылары. Қырқылған жүн іріктеліп алынып, сабауға жіберіледі. Ол үшін арнайы түзу талдан сабау дайындап алу керек. Жүнді сабау тек ұру дегенді білдірмейді. Оның да әдісі бар. Сабаумен жүнді қопсыта ұрғанда, шаң-тозаңнан айырып, ұйысқан жері жазылып, желкілдеп шыға келеді. Міне, сол кезде ол жүн киіз басуға дайын болады. Қолөнер шеберінің айтуымен жиналған келіншектер ши үстіне сабалған күзем жүнді шабақтап, тегістеп шықты. Оның үстіне қайнап тұрған суды себелеп «булап», тез арада шимен орап, «ырғау» әдісін жасады. Бұл жүннің басын біріктіретін маңызды әрекет көрінеді.