«Есіңде ме, сол бір кез...» ретро кеші
18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Есіңде ме, сол бір кез...» ретро кеші өткізілді.
Ретро кеш 60, 70, 80 жылдардағы музей қорындағы және сыйға тартылған экспонаттармен жабдықталды.Шара барысында музей қорын толықтыру мақсатында "Ұрпаққа мұра", "Музейге сый" акциясы өткізілді.
Музей қорына әр кезеңді айқындайтын керамика және фарфор ыдыстар, тұрмыстық заттар қабылданды.
Мәртөк аудандық музейімен тығыз байланыста жұмыс жасап отырған мекеме Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары Бекзадаев Дінмұхаммед Абаевич атынан құттықтау "Алғыс хат" табысталды.
Музейдің 2000- 2019 жылдары директоры қызметін атқарған, қазірде зейнеткер И.Н.Сухинькая, ұстаз зейнеткер Қ.Сүйінғалиева музей ісінің қыр -сырына, жетістіктеріне тоқталса,тұрғын М.Оралбаева және В.Козаченко музейлік мәні бар экспонаттар табыстады.
Музей директоры Ұ.Осанова жыл бойына музей қорын толықтыруға ат салысқан, іс -шараларға белсене араласқан "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" қатысушылары, Мәртөк тынысы газетінің редакторы Е.Ониськова, тұрғындар М.Оралбаев, Н.Нұртазина, В.Козаченко марапатталды. Кеш Кеңес дәуіріндегі заттардың бағасы туралы тартысты сұрақ -жауап ойындары, караокеде ретро әндерді шырқаумен жалғасты.