7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасының құқық қорғау саласының ардагері Бердиев Омарбек Мамырұлының 100 жыл толуына Ақтөбе облыстық сот ғимараты алдында ескерткіш тақта алдында сағат 09-30-10-00 аралығында митинг, гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.Шараға Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары А.Айтмағамбетов, сот жүйесінің ардагерлері, мамандары, О.Бердиев бала-келіні, қызы, туыстары, немере,шөберелері қатысты.Іс - шара Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде дөңгелек үстелге жалғасты