Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Ұстаз - ұлы есім» еске алу кеші

Халық ағарту iсiнiң үздiгi, Қазақ КСР-iнiң еңбегi сiңген мұғалiмi Ділмағамбетов Рамазан Жауылбайұлының туғанына 95 жыл. Мәртөк аудандық тарихи - өлкетану музейінің ұйымдастыруымен өткен еске алу кешіне Рамазан Жауылбайұлы қызметтестері, «Илигай» әжелер ансамблі мүшелері, «Мәртөк тынысы» газеті бас редакторы С.Қаракеев, тілшісі А.Келбатырова , жастар, № 2 ММГ, №1 МЖББОМ, №4 ЖОББМ оқушылары қамтылды. Аудан әкімі орынбасары Әлжанов Қайрат Хасенұлы қатысып, білім саласында өзіндік ізін қалдырған ардагер еңбегі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Кешті жүргізген музей директоры Ұлдай Төрәліқызы музей қорында сақталған ұстаздың қолжазба өлеңдері мен жарыққа шыққан еңбектері, орден – медалдары, алғыс хаттары, фото – суреттерінен көрме арқылы кең көлемді ақпарат беріп өтті. Рамазан Жауылбайұлы білім саласында 50 жылдан аса еңбек еткен. Еңбектене жүріп бірнеше шоқтығы биік өлеңдер шығарды. Туған жеріне арнап шығарылған «Құмсайым» әнін Қамзина Қалиса және «Мектебім» әнін Қ. Медетов атындағы балалар өнер мектебінің Қаратоғай филиалы вокал класының мұғалімі Нұрсауле Жұмамұратқызы орындады. Білім саласының ардагерлері Нурдинова Әсия, Қыдырбай Шудабайұлы, Меңсұлу Жанзаққызы, жұбайы Қымбат Шоқайқызы , аудандық "Қазақ тілі" қоғамының төрайымы Тазагүл Түсіпқызы естеліктерімен бөлісті. №4 Мәртөк орта мектебінің оқушылары Азизова Дильназ «Қазағымның тойлары» және Жұмамұрат Тәттігүл мәнермен айтуында «Ардагерге» өлеңдері оқылды. Шоқтығы биік өлеңдерінің бірі "Мәртөк вальсі" әнімен еске алу кеші мәресіне жетті.