18 сәуір Халықаралық ескерткіштер және тарихи орындарды қорғау күні Жошы ұлысының іргетасы қаланғанына 800 жыл толуына орай Мәртөк аудандық музейінде “ЕР Едіге және елдік мүде” тақырыбында аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімімен бірлескен тарихи - танымдық шара. Шараға 4 Мәртөк жалпы білім беретін орта мектебінің 10 класс оқушылары тартылды.
«Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді». Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. “Жошы ұлысының іргесі қаланғанына 800 жыл. Президент қазақ мемлекетінің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынатынын айтты. Демек биыл әлем назары әйгілі қолбасшы Жошы ханның кесенесі орын тепкен Ұлытау даласына ауады. Қазақ хандығы кешегі Алтын Орданың тікелей мирасқоры десек, сол орданың тарихы Жошы ұлысынан тамыр тартады” - деп атап өтеді. Едіге (1395-1419) 15 ғасырдың соңында Алтын Орданың саяси өміріне қызу араласып, 15 жылдай Алтын Ордада саяси билікті өз қолында ұстап, ұлы әмір атанған. Шыңғысхан әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімісіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.
2016 жылы Мәртөк ауданы, Құрмансай ауылы бұрылысында Едіге биге орнатылған ескерткіш қойылды.Ескерткіш жанында ақпарат берілді. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық жолының бойындағы биік төбеге ер Едігеге белгітас қойылды. Бұл игі іске аудандық әкімдік ұйытқы болды. Гранит тастан жасалған белгінің биіктігі — 2 метр. Едігенің Елек пен ортаңғы Бөрте өзендерінің аралығында өлгендігі жазылған. «Кейін он бір жыл өткенде Қадірберді хан Қырым әскерімен келіп, Еділ дариясынан кешіп өтіп, Едіге бимен соғыс қылды. …Едіге би жаралы болды. Қадірберді хан да жарақат алды. Елек пен ортаңғы Бөртенің арасы — қазіргі Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына қарасты территория” екенін дәлелдеп тас белгі қойылған.