Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жайсаң ауылдық клубында "Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан" тақырыбында кездесу кеші және көрме өткізілді.
Кездесу кешінің мақсаты: Жайсаң ауылынан шыққан тарихи тұлғаларды насихаттау, ардақты аналар мен жұбайларынан, қыздары мен туыстарынан танымал тұлғалар туралы естеліктерді көпшілікке жеткізу, келер ұрпаққа үлгі ету.
Кездесу кешінде биылғы жыл 160 жыл толатын "Алаш-Орда" құрылуына ат салысқан ғалым, дін саласында қызмет еткен Мұртазин Әбдірахман, күйші Қамбар Медетов, саяси құғын -сүргін құрбандары мемлекеттік қызметкерлер Жанбатыр, Лұқпан Капетовтар және спорт шебері Сайын Жансапұлы-80 жылдығы, білім саласына еңбегі сіңген ұстаз Имашев Даулетияр туралы ақпараттар берілді. Кездесу кешіне арнайы келген Сайын Жансапұлы жұбайы Қаншайым Мағазовна, аталас туысы Капетов Жақсыбай, ұлы Капетов Аяпберген қатысып Жайсаң ауылына танымал болған тарихи тұлғалар туралы кеңірек баяндап өтті.
Аналар мерекесіне орай Жайсаң ауылдық клубының меңгерушісі Байрамова Гульнара Сагинбаевна ұйымдастыруымен "Анашым" әні Есбол Шампиев, "Әже" әнін Бөкенбай Нұрәділ, Хасенов Әсет, "Әкем" әнін Серікбаев Роллан орындады. Кеш соңында Халықаралық "Үш қоңыр" газетінде жарыққа шыққан Жайсаң ауылынан Капетов Сайын Жансапұлы 80 жылдығына орай "Тектілік -асыл қасиет" мақаласы жарияланған 50 дана басылым ұрпақтарына және ауылдық кітапхананың кітапханашысы Гульмира Умароваға табысталды.