Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Сыпайы генерал, шын сардар» атты ақпарат сағаты өткізілді

Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың 100 жыл толуына орай «Сыпайы генерал, шын сардар» атты ақпарат сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты: қазақ халқының қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриот болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға арнайы видеоматериалдар, фильмнен ізінділер, тақырыптық слайдтар көрсетіліп, батырымыздың өмірбаяны, ұмытылмас батырлығы, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берілді. Іс шараға № 3 және№ 4 Мәртөк орта мектебінің 10 класс оқушыларымен және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері К.С. Альжанов пен А.К. Шудабаев келіп қатысты. Мәртөк ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі әскерге шақыру және әскерден тыс бөлімше сержанты-бөлімше бастығы Кенжебаев Руслан Сайлауович сағатқа қатысып, сөз сөйледі. «Ер есімі-ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.