Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Қасірет пен ерлік үні...» тақырыбында еске алу шарасы және көрме өткізілді

14 ақпан Мәртөк аудандық тарихи – өлкетану музейінде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Қасірет пен ерлік үні...» тақырыбында еске алу шарасы және көрме өткізілді. Еске алу шарасына Ақтөбе қаласынан арнайы ауған ардагері Айтмағамбет Сағынғали Душанұлы, Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Утаралина және аудандық қорғаныс істері бөлімі бастығының орынбасары Дінмұхамед Бекзадаев қатысты. №2 Мәртөк мектеп –гимназия 10 -11 сынып оқушылары және №3 орта мектебінің 10 -11 сынып оқушылары қамтылды. Жетекшілері алғашқы әскери дайындық мұғалімдері С.Әбдірахманов және Қ.Әлжанов.

Еске алу кешінде осыдан бір жыл бұрын дүниеден озған ауған соғысының ардагерлері Күзембаев Асылбек және Бекпанов Жақсыбай ерліктері баяндалды.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Утаралина еске алу күнінің маңыздылығына тоқталып, соғыс өртінің болмауын, ардагерлерді құрметтеп жастарға үлгі тұтатынын атап өтіп ауған ардагері Сағынғали Душанұлына ерлігі мен патриоттық рухта жастарды тәрбиелеуді қосқан үлесі үшін «Алғыс хат» табыстады.

Қаратоғай ауылында тұратын Күзембаева Светлана және «Шежірелі өлкемнің тарландары» тақырыбында республикалық сайысқа ауған ардагері С.Айтмағамбет туралы шығарма жазған 9 класс оқушысы Меңдіғали Гүлім, жетекшісі Тұрмағамбетова Қаламқас қатысып естеліктерімен бөлісуді жөн көрген еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қатыса алмады. Дегенмен, жас жеткіншектерді әскери – патриоттық тәрбиеге баулып,отансүйгіштік рухани жігерлерін шыңдай білгені үшін Мәртөк ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник А.Тоқсанбаев атынан «Алғыс хатпен» марапатталды.