Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Кимешек – аналардың алтын тәжі» тақырыбындағы ғибратты кездесу кеші өтті

1-ақпан - халықаралық орамал күніне орай «Кимешек – аналардың алтын тәжі» тақырыбындағы ғибратты кездесу кеші өтті. Орамал әрқашан және кез-келген ұлт үшін тазалық пен қарапайымдылықтың символы болып саналады. Біздің ата – бабаларымыз ежелден бері орамал әйел рухының сұлулығының белгілі бір символы деп санаған. Орамалмен жабылған бас - қарапайымдылықты, кішіпейілділікті білдіреді, орамалды кию рухты нығайтуға көмектеседі.
Ғибратты кештің мақсаты: аналарымыздың ақ орамалының тәрбиелік мәнін, киесін насихаттау. Сонымен қатар, Осыдан 1 жыл бұрын 16 наурыз «Дәстүрге жол – қазақ аналары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Мәртөк ауданында филиалы қызметін бастаған болатын. Қазірде қатары толығып келеді. Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Қ.Әлжан атынан салт - дәстүрді насихаттауға ат салысып жүрген аналар Мақатова Айжан, Хабзай Хазынабай, Ұмсындық Төлегенқызы, Рәбиға Жусанқызы марапатталды. Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Утаралина құттықтауын жеткізді. Аудандық мәдениет және денешынықтыру бөлімінің басшысы Б.Амантурлиев және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қыдырбай Шудабайұлы қатысты. Іс - шараны ұйымдастыруда ұйытқы болған «Дәстүрге жол - қазақ аналар» қоғамдық бірлестігінің Мәртөк аудандық филиалының төрайымы Ш.Бекназарова , аудандық музей директоры Ұ.Осанова. Кеш барысында аудандық Мәдениет Үйі ұйымдастырушысы Шынар Әлиқызы қолынан шыққан ұлттық киімдер мен кимешектерден сән үлгісі көрсетілді. Ә.Мұқанов орындауында «Анашым», Ә. Алпысбаева «Дедім - ай-ау» және А.Төретаев орындауында «Боз орамал» әндері шырқалды. «Кимешек кигізу» дәстүрі көрсетіліп, «Асыл қазына - ұрпаққа мұра» көрмесі жасақталды.