Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Тәңірберлі Молдабай 165 жылдығына орай өткен ғылыми конференция

Тәңірберлі Молдабай 165 жылдығына орай Мәртөк өлкесіне Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан мен Қырғызстанның мәдениет қайраткері, жазушы, өнер зерттеушісі Илья ЖАҚАНОВ қатысуымен өткен ғылыми конференция.
Мәртөк аудандық Мәдениет Үйі алдындағы "Молдабай" ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталып, ауылдық әкімдік залында жалғасты.
Мәртөк ауданы әкімі Алмас Салықбаев қонақтарға арнап лебізін жеткізді.
Ақын, сазгер, сал - сері Тәңірберлі Молдабай туралы баяндамашылар;
1.Ұзақбай Исмагулов Шәкірұлы - тарих ғылымдарының докторы
2.Илья Жақанов - Еңбек Ері, өнер зерттеушісі, мәдениет қайраткері
3.Мұхтар Миров Орынбасарұлы- филология ғылымдарының кандидаты
4.Абдумуталип Абжаппаров - Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, профессор, академик, техника ғылымдарының докторы
Модератор аудандық музей директоры Ұлдай Төрәліқызы
26.03.2023 жыл