Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Бабамның тілін, анамның үнін жеткізем келер ұрпаққа" тақырыбында Төлеухан отбасымен сұхбат

 

05 қыркүйек Қазақстан халқы Тілдері күні және ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған күніне орай "Бабамның тілін, анамның үнін жеткізем келер ұрпаққа" тақырыбында Төлеухан отбасымен сұхбат өткізілді. Сұхбат мақсаты: тілімізді, тарихи тұлғаны насихаттау. Жергілікті тұрғындар, отбасы арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Сұхбат барысы:
Тілеухан Хупыр және Мешітхан Бағиян музей қорына ата – бабаңыздан мирас болған құнды заттар кебеже, түскиіз және майшам тапсырған болатын.
Ахмет Байтұрсынұлы «Тілі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады» - деп атап өтеді. Сіздің ата – бабаңыз алмағайып қиын заманда Монғолияға тұрған, шет елде жырақта жүрседе ұрпақтары тілді сақтап қалды. 90 жылдары қандастар елге оралғанда ең алғашқылардың бірі болып елге оралдыңыздар.
- Хупыр ағай ата –бабаңыз туралы айтып өтсеңіз,. Сіздерге қандай өсиет айтты сол туралы айтып өтсеңіз.
- Монғолияда жүргенде қазақ тілін қалай сақтап қалдыңыз. Қазақстандағы тілдік өзгерістерде, кейбір сөздерде айырмашылық бар ма?
-Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығы мектепте оқытылды ма?
- Монғолияда мектепте қандай тілді, жазбаны пайдаландыңыздар
-Ахмет Байтұрсынұлы құрастырған төте жазумен ата-бабаңыз қолданды ма?
- қандай өлең, жырлар айтатын еді?
- Мешітхан атамыз ұрпағы кеңге жайылған отбасы, сізде Бағиян апай қызы болып келесіз.
- тіліміздің ұлттық айшығы ұлттық өнерімізде де көрініп жатады. Түскиіз тоқитын өнеріңіз болған екен. Қалай тоқитын едіңіз, әжелеріңіз бен анаңыздың өсиеті қандай еді? Кебеже туралы тоқталып өтсеңіз.
- Өз отбасыңызда 4 ұл, 1 қыз тәрбиелеп немере сүйіп отырған шаңырақ екенсіздер. Тоқталып өтсеңіз.
- Отбасы тәрбиесінде қандай өсиет, өнеге айтып отырасыздар.
Қойылған ауқымды сұрақтарға жауап берген Хупыр ағай мен Бағиян апай отбасында бірінші кезекте ана тіліміздің қадірін жоғалтпауды, ала жіпті аттамау, адалдықты дәріптейтінін атап өтті.