Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Астана - алтын бесігім" сурет байқауы

Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Астана күнінің туған күніне орай "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" бөлімшесінің мүмкіндігі шектеулі балаларымен Тақырыбы: "Астана- алтын бесігім" сурет байқауы өткізіліп, аудандық тарихи -өлкетану музейінде балалармен саяхат өткізілді. Экскурсия балалар көңілінен шығып, қызығушылықтары артты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған игі іс-шаралар әліде жалғасын табады. Осындай игі іс-шараны ұйымдастыруға өз үлестерін қосып, белсенділік танытқан "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің мекеме басшысына Бегжанова Илья Садыковна , әлеуметтік жұмыс бойынша консультант Тарасенко Лариса Геннадьевна, әлеуметтік қызметкер Есинжанова Минслу Рахымжановналарға рақмет айтамыз.