Мәртөк аудандық музейінің ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында "Өзекті өртер өкініш" тақырыбында тарихи - танымдық шара аталып өтілді. Шараға репрессия құрбандарының ұрпақтары Моншақ Мырзагулова, Жәдігер Рсалдинов, Нұрболат Үмбетов, аудандық архив меңгерушісі Нұргүл Жамбосынова, Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдер бөлімінің басшысы Жандарбек Елібаев , мәдениет бөлімінің бас маманы Гүлназ Кенжебаева қатысты.
20 ғaсырдағы саяси қуғын - сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Шара барысында Мырзагулова Моншақ әжеміз 1937 жылы әкесі Күзен Жұбатыров ұсталғанда 40 күндік шақалақ болғанын, қаншама қиын кезеңдерді анасы екеуі бастан өткергендігін баяндап өтті. 2017 жылы әкесі Күзен Жұбатыров туралы естелік айтқан бейнежазбасы көрсетілді. Алаш қайраткерлеріне арналып жазылған Серік Тұрғымбековтың "Арыстар назасы" өлең жолдарын Әлихан Бөкейханов , Ахмет Байтұрсынов , Мыржақып Дулатов , Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, порттерін ұстаған @martukmektepgymnasium 2 ММГ оқушылары жатқа айтып өтті. Өз кезегінде репрессия құрбанының ұрпақтары Жәдігер Рсалдинов атасы Дияр туралы және Нұрболат Үмбетов әкесі Үмбетов Қазтай туралы мәліметтер беріп өтті. Мәртөк аудандық архив меңгерушісі Нұргүл Жамбосынова архив деректеріне сүйене отырып Мәртөк ауданы аумағына жер аударылған бірнеше ұлттарды атап өтті. Музей материалдары қорынан дайындалған "Мәңгі есте сақта" көрмесі зұлмат жылдардың деректеріне, репрессия құрбандарына арналғанын музей директоры Ұлдай Осанова атап өтті. Кешті жүргізген музей кіші ғылыми қызметкері Гүлнұр Жақсығарина зұлмат жылдардың кезеңіне және НКВД балалары туралы ақпараттар беріп өтті. Кеш барысында Мәдениет Үйінің әншілері Фариза Мусагалиева орындауында "Елім - ай", "Отан ана" әндері шырқалса, Нұргүл Башанова орындауында "Беу дүние" әні орындалды. Шараға @martukmektepgymnasium № 2ММГ 8 класс оқушылары және @4_mjobbm №4 Мәртөк орта мектебінің 9 класс оқушылары , Дәстүрге жол аналары, мәдениет қызметкерлері тартылды.