Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Музей бұл – рухани орта, оның киесі, қасиеті бар.

Музей саласын білмейтіндер «Музей деген бір ескі заттарды жиып отыратын қойма» деп қарайды. Музей бұл – рухани орта, оның киесі, қасиеті бар. Кездейсоқ адам музейге келмейді. Музейдің өз аурасы болады. Музей бұл – үлкен рухани-өнеге мектебі.Жалақысы аз, жұмысы көп, қызықты, тарихы терең жәдігерлермен жұмыс істеу қызықты, көне заттармен жұмыс істеудің зияны да бар.
Әр жәдігер бұл –Отаныңның бір бөлшегі, тарихыңның бір беті, сәбидей аялап ұста, оның келесі ұрпаққа жетуі сенің мойныңдағы зор жауапкершілік»,-деп үйретті.
Содан кейін көп жылдар бойы біраз музейлерде қызмет еттім. Алғашқы музейлік ұстаздарымның осы сөзі жүрегімде мәңгіге қалды. Музей мамандығы өте қызықты сала. Мәдени-рухани толысасың, мәдени шаралардың басы-қасында жүресің. Көптеген игі жақсылармен араласасың.Көп дүние музей басшылығына байланысты болады. Көбіне музейден хабары жоқ, кездейсоқ адамдар басшы болып келеді. Көптеген құнды дүниелердің құн-жұны шыққанына куә болдым. «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын»,-демекші, ұлт тарихы, мәдениеті жинақталатын, сақталатын музейлерге жанашыр жандар келу керек деп санаймын.
Музейдің кішкентай жәдігерінің ұлы тарихын, баға жетпес құндылығын терең сипаттап, суреттеп, балаларды қызықтырып, Отанына деген сүйіспеншілігін оята білу үшін гидтердің өзі «жанып» тұруы керек, ізденімпаз, білімді, рухты болуы қажет. Жаттап алғанын айта бермей, жан-жақты ізденіп, өскелең ұрпақты тартатын қызықты оқиғаларды айтып тұрғаны абзал. Жалпы кез келген адам, соның ішінде гидтер «жұмыс уақытым қашан бітеді?»,-деп тұрмай, әр эскурсиясын жаттанды түрде емес, жан-тәнімен, жүректен шығарып айтса, музейге келушілер де көбейіп, өскелең ұрпақтың бойында еліне деген махаббат, мақтаныш оянар еді.
Мемлекеттік музей ме, жеке музей ме, онда жиналған жәдігердің барлығы ұлт қазынасы емес пе?! Ендеше, ұлт қазынасын ұрпағымызға мақтанышпен көрсету үшін қайсына болсын, мемлекеттік қолдау қажет.
20 жылдан астам уақыт өмірін музей саласына арнаған белгілі қоғам қайраткері, этнолог-тарихшы Тұрар Сәттарқызы сұхбаты.
Тарихшы: Руханияты мен мәдениеті бірінші орынға шыққан елдің болашағы зор! 31.08.2022 жылы жарияланған.Әңгімелескен Зарина ӘШІРБЕК,
"Адырна" ұлттық порталы