1995 жылы Мәртөк ауданының 60 жылдық мерейтойына орай «Өркенді өмір» кітабы жарыққа шықты. Редакция алқасы Әлімжан Мұқанов, Алексей Маркеевич, Махмуд Тәжібаев, Александр Урясов , Төлеген Табанов. Сол кезеңде барлық ауданға арналған вальс әндері бар екені ескеріліп Рамазан Жауылбайұлы Ділмағамбетов ұсынысымен «Мәртөк вальсі» әні жарыққа шықты. Әннің сазын жазған сол кездегі Мәртөк ауылындағы музыка мектебінің директоры Дина Құрманғалиқызы. Ең алғаш 60 жылдықта шырқалған ән Мәртөк өлкесіне арналған әндердің алғашқысы. «Дәстүрге жол – қазақ аналары» әжелерінің ауыл көрінісін сипаттауымен @martukmektepgymnasium оқушысы Шикалова Ақниет орындауында «Мәртөк вальсі» әні