Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Жанына серік еткен жыр дастанын" тақырыбында Ұлдай Төрәліқызы танымдық сағат өткізді

2 мамыр ақын,өлкетанушы Сейтқали Жанғалиев 110 жылдығына орай "Жанына серік еткен жыр дастанын" тақырыбында Ұлдай Төрәліқызы танымдық сағат өткізді.
Кешке ақынның қызы Жанғалиева Райса Сейткалиевна мен күйеу баласы Сарбупенов Аманжол Вайдолұлы қатысып естеліктерімен бөлісті.
Кеш барысында өлкетанушы еңбектері, шығармашылығы баяндалып, "Туған жер" , "Ақынның жаны", "Молдабай" дастаны аңыздары баяндалып, "Қара жер" өлеңі оқылды. Ақынның "Мен туған күн осындай" және "Өзім туралы" тақырыбында өлеңдері бейнежазба түрінде көрсетілді. Кешке №4 Мәртөк орта мектебінің 10 класс оқушылары тартылды. Жетекшілері №4 Мәртөк орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Аманбайқызы және педагог ұйымдастырушы Муталиева Танакөз.