Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

Қамбар Медетов атындағы көшеде іс-шара өтті

Қамбар Медетов 1901 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында дүниеге келген. Күйші Әбілқайыр ханның жетінші ұрпағы, Әкесі Ерқожа Қаратаев (1976-1945) мұғалім, әнші, күйші болған. Қамбар күйді әкесінен үйренген, домбыра тартуға жастайынан құмар болған. Бастауыш орыс мектебін бітірген соң әкесінің жолымен жүріп Жайсан балалар үйінде меңгеруші болады.
5-7 мамыр аралығында Отан қорғаған тарихи тұлғалар мен тақырыптық ескеркіштерге гүл шоқтарын қою шараларын ұйымдастыру бойынша, күйші жерлесіміз Қамбар Медетов атындағы көшеде іс-шара өтті. Бұл іс шараға Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Қамбар Медетов өнер мектебінің ұстаздары және оқушылары қатысты. Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.
Іс шараға қатысқан қор сақтаушы.Уразымбетова С.У., ғылыми қызметкер Жаксыгарина Г.Н.