Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Елін қорғау-ерге серт" атты патриоттық танымдық сағат өткізілді

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шараны Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейімен martuk_mektep gimnazia №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен "Елін қорғау-ерге серт" атты патриоттық танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараға Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Бекзадаев Дінмұхаммед Абайұлы келіп қатысты. Сонымен қатар патриоттық танымдық сағатқа 10 класс оқушылары қатысты. Мерекеге арналған іс-шарада оқушылар патриоттық әндер айтып, сұрақ қоя отырып, көкейлерінде жүрген сауалдарына толық жауап ала алды.
Іс-шара ұйымдастырушылар Жаксыгарина Г. Н., Ұзақбаева Б. Б.