7 мамыр ҚР Қарулы күштері күні және 9 мамыр Жеңіс күніне орай "ЕРЛІК -ЕЛГЕ МҰРА" патриоттық сағат өткізілді. Музей кіші ғылыми қызметкері Гүлнұр Жақсығарина және @martukmektepgymnasium
N2 мектеп - гимназиясының 8 а класс оқушылары жетекшісі Шолпан Жиенбаева бірлесе өткізді.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық тәрбие беру. Ұлы Отан соғысымен, батырлардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.