Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

"Әжемнің ертегісі" айдары ертегі сағаты

Мәртөк аудандық тарихи-өлкетану музейінде "Дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі Мәртөк филиалы төрайымы Бекназарова Шара Смағұлқызы ұйымдастыруымен "Әжемнің ертегісі" айдары ертегі сағаты өтті.
Халық ауыз әдебиетіндегі жанрының бірі- ертегі. Ертегі баланың ой-өрісінің кеңеюіне, сөздік қорының толық қалыптасуына әсері мол.
Балаларға "Ешкі мен түлкі", "Шалқан", "Бауырсақ" ертегілері айтылып. Бүлдіршіндерде өздерің білетін ертегілермен толықтырды.
Ертегі сағатына "Нұрсәт" @dets.ki балабақшасының "Ботақан" тобының бүлдіршіндері тәрбиеші Бағила мен Айдана апайларымен бірге қатысты.
"Әжемнің ертегісі" айдарының тұсауы кесіліп "Дәстүрге жол" қб Мәртөк аудандық филиалының төрайымы Шара Смағұлқызы мектеп табалдырығын аттайтын оқушыларға сәттілік тіледі.
"Нұрсәт" балабақша бүлдіршіндеріне музей қызметкері Жаксыгарина Г.Н. экскурсия өткізді.