Жұмыс уақыты: 9:00-18:00 ДС-ЖМ

«Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең...» тақырыбында Чернобыль ардагерлерімен кездесу

27 сәуір «Чернобыль апаты кеше, бүгін, ертең...» тақырыбында Чернобыль ардагерлерімен кездесу аталып өтілді.
Ақтөбе облысы бойынша Чернобыль мүгедектері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сатов Бақытжан Ситқалиұлы және Ақтөбе қаласынан арнайы келген Чернобыль ардагерлері Бижанов Міржақып Орынбасарұлы және Қаражанов Бердібай Жұмағұлұлы қатысты. Мәртөк ауданы бойынша Чернобыль ардагерлері және №1,2,3,4 Мәртөк орта мектебінің жоғарғы класс оқушылары тартылды.
Сатов Бақытжан Ситқалиұлы ҚР-ның төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин атынан «Ерлігі үшін» медалі бұйрығымен таныстырды. Мәртөк ауылдық округінің әкімі Қонысбай Орынғали Сағитжанұлы Чернобыль апаты зардабына тоқталып, мәртөктік Чернобыль ардагерлері Байбараков Орал Темірханұлы, Турмулдинов Нұрберген Тауманұлына «Ерлігі үшін» медалін тақты.
Мәртөк ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, капитан Бекзадаев Дінмұхамед Абайұлы апат аймағында әскери борышын өтеген ардагерлер ерлігін, еңбегін бағалап Шоинбеков Мейрам Серікұлы атынан «Алғыс хат» мәртөктік Чернобыль ардагерлері Байменов Сапарбай, Имангалиев Жолдыкара Сагинтаевич, Пряженников Сергей Николаевич, Скляров Михаил Григорьевичті марапаттады.
Чернобыль ардагері Байбараков Орал Темірханұлы марапаттарға алғысын жеткізіп, мықты денсаулық тіледі.
№ 2 Мәртөк мектеп - гимназиясы оқушылары Елтаев Султанбектің орындауында "Рота подъем" әні
және хормен «Күндер өтуде» әні орындалды.
Іс -шараны Мәртөк аудандық музейі басшысы Ұ.Осанова мен Мәртөк орталықтандырылған кітапхана кітапханашысы Л.Волкова жүргізді.