16 наурыз Шежіре күніне орай "Шежіре-ұлтымыздың алтын діңгегі" тақырыбында шара аталып өтілді.Мәртөк ауылынан музей этнография бұрышының ұлттық жабдықтарын жасақтауға үлес қосқан шежірелі ана Дәулетназарова Сахима және Жайсаң ауылынан шежірелі қарт Ұзақбергенов Саадбай қатысты.
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ақтөбе облысы географиясы кітабының авторы, ҚР «Алтын кітабы» энциклопедиясы кітабына енген өлкетанушы, ардагер ұстаз Серғалиева Райгүл Ақтөреқызы, ардагер ұстаз, қолөнер шебері Құлекенова Клара Тәкібайқызы, көпбалалы ана, 3 рет қажылыққа барған қажы Айжарықова Шамсия, медицина саласынын ардагері Көшкімбаева Мариям Сақиқызы, Ақтөбе облыстық кәсіподақ төрайымы Табельдинова Назира Сарсембайқызы.
Мәртөк ауылынан Мақатова Айжан Қорғанбекқызы және Қамзина Қалиса апай қатысты.
Шежірелі әңгімелер айтылып, музейдің танымал тұлғалары туралы ақпарат берілді. Шикалова Ақниет орындауында "Тәңірберлі Молдабай" әні шырқалды.